foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық

 

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді, медицинадағы жаңалықтарды игере отырып, денсаулық сақтау саласының мекемелерімен тең құқықтық серіктестікте, бәсекелестік жағдайда еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

Негізгі мәзір

Қосымша мәзір

Валюта бағамы

Курсы валют: курс доллара, курс евро

 

ШЖҚ МКК Маңғыстау облыстық медициналық колледжіне

талапкерлерді қабылдау

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер
  1. Осы Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына(бұдан әрі – Заң) сәйкес ШЖҚ МКК Маңғыстау облыстық медициналық колледжі  (бұдан әрі - колледж) оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.
  2. Колледжге негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары; шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар,
    сондай-ақ арнайы білім туралы мұқтаждықтары бар тұлғалар білім туралы аттестатқа ие азаматтар қабылданады.
  3. Колледжге оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді:
  • I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін -1,0%;
  • Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;
  • Ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 %;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 4%;
  • жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 %;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін – 10%;
  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру мекемесі белгілейді.

Колледж 2018-2019 оқу жылында оқуға осы Ереженің №1- қосымшасына  сәйкес мамандықтар бойынша қабылдайды.

  1. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ШЖҚ МКК Маңғыстау облыстық медициналық колледжіне оқуға қабылдау тәртібі. Құжаттарды қабылдауды және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру"
  1. Колледжге тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін колледж басшысы жұмысты 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.

Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы,  жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.

  1. Колледждің қабылдау комиссиясының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.
  2. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін ақпараттық стендіге, колледждің веб сайтында (http://momk.kz) жариялау арқылы қабылдау комиссиясы таныстырады.
  3. Колледжге оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі – Сенбі

09.00 – 18.00 сағ.   Үзіліс 13.00 -14.30 сағ.

Жексенбі – демалыс

  1. Колледжге оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І, ІІ топтағы мүгедектер және бала жасынан мүгедектер үшін медициналық - әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар  құжатты ұсынады:

             1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

    2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

    3) босқын - босқынның куәлігі;

    4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

          5) оралман - оралман куәлігі.

        Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан  бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

  1. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:

          1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

    2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

    3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

    4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Колледжге түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік білімінің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.

  1. 12-тармақта көрсетілген негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды колледж белгілейді.
  2. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында өткізіледі.

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

  • тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады;  тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері  өткізілген күні хабарланады.
  • пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» - 8 балл, «4» - 17 балл, «5» - 25 балдарға ауыстырады.
  1. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және емтихан тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледжде апелляциялық комиссия құрылады.

         Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.

         Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға  шағым білдіруіне болады.

         Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері  хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

         Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.

  1. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
  1. Білім алушылар құрамына қабылдау
  1. Колледжге білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

    Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде; пәндер бойынша немесе колледж  жүргізген емтихан нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес  баллдар сомасы ескеріледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
    1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 25 баллдан кем;
      2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 35 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.
      Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.        

        Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

    Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалар, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын колледж анықтайды.

  1. Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді. 

Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтар № 130 «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске  асыратын білім беру ұйымдарында оқуға  қабылдаудың  үлгі қағидалары» қаулысына енгізілген өзгерістер  негізінде жасақталған және колледждің

02 сәуір 2018 жылғы №2 қабылдау комиссиясы отырысында қаралға

 

Қосымша №1

ШЖҚ МКК Маңғыстау облыстық медициналық колледжіне

 бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің

2018-2019 оқу жылының қабылдау емтихандарының тізімі

 

Код

Мамандықтар атауы

Бейіндік пәндер атауы

Оқу мерзімдері

Оқу тілі

Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Орта білім (жалпы орта)

Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Орта білім (жалпы орта)

 

0301000

 

 

«Емдеу ісі»

біліктілік:

0301013 «Фельдшер»

Биология

Биология

3ж. 10 ай

2ж. 10 ай

қазақша

 

орысша

0301000

 

 

«Емдеу ісі»

біліктілік:

0301023 «Акушер»

 

Биология

 

2ж. 10 ай

қазақша

 

орысша

0302000

 

 

Медбикелік іс

біліктілік:

0302033 «Жалпы практика медбикесі»

Биология

Биология

3ж. 10 ай

2ж. 10 ай

қазақша

 

орысша

0305000

 

 

«Лабораториялық  диагностика»

біліктілік:

0305013 «Медициналық  лаборант»

Биология

Биология

3ж. 10 ай

2ж. 10 ай

қазақша

 

орысша

0307000

 

 

«Ортопедиялық стоматология»

біліктілік:

 0307013 «Тіс технигі»

Биология

Биология

2ж. 10 ай

1ж. 10 ай

қазақша

 

орысша

 

 

 


© 2015-2018 Маңғыстау облыстық медициналық колледжі.  Барлық құқығы қорғалған

Колледж сайты: momk.kz   Электрондық пошта: momk50@mail.ru

 

ZERO.kz

 

Наши реквизиты:

ГКП на пхв «Мангистауский областной медицинский колледж» 

Управления Здравоохранения Мангистауской области

г.Жанаозен мкр Шугыла 21б

РНН   430700001179

ИИК   KZ936010351000351438

БИК   HSBKKZKX

БИН   990640003575

АО «Народный Банк Казахстана» г.Жанаозен

Кбе 16

Устав № 704-1943-07-ГП от 19.11.2012г

Директор: Турарбекулы Толебек
Гл. бухгалтер: Оразбаев Балыкбай

Наш адрес:
г. Жанаозен, мкр "Шугыла"
улица "Бейбитшилик" 21б

Электронная почта: 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


Телефоны: 
Приемная: +7 7293432646,
Бухгалтерия: +7 7293471672

МОМК:
Все права защищены. Использование контентов этого сайта в любых целях без согласования и разрешения запрещается, за исключением случаев, предусмотренных Законом Республики Казахстан «Об авторском праве и смежных правах» от 15.07.1997 года № 6-1 с изменениями, внесенными Законом РК от 09.07.2004 года № 586-11.