foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді, медицинадағы жаңалықтарды игере отырып, денсаулық сақтау саласының мекемелерімен тең құқықтық серіктестікте, бәсекелестік жағдайда еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

 

Маңғыстау облыстық медициналық колледжі оқытушыларының ар-намыс Кодексі

 
Ар-намыс кодексі  Маңғыстау облыстық медициналық колледжінің педагогикалық кеңесінде бекітілген этикалық ұстанымдар мен адамгершілік құндылықтардың іске асырылуы болып табылады

Маңғыстау облыстық медициналық колледжі  оқытушылары  миссияны жүзеге асыру үшін, мамандығын жетік меңгерген, жаңашыл ойлауға қабілетті, ой өріс мүмкіндіктерін игерген, кәсіби және мәдени бағытталған тұлғаны дайындауда өз жауапкершілігін сезіне отырып және бірлесіп басқару принциптерін дамыту мен нығайтуды өзінің парызы деп санап,  оқытушыларының Ар Кодексін қабылдайды және оған сөзсіз бағынуды өз міндеттеріне алады.

ОҚЫТУШЫНЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

Оқытушы:

  • оқытушы студенттердің білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болады, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелейді;
  • оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кәсіби маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерді хабарлауда дәлелелдемелермен қамтып, пікір алысу барысында шыншылдық танытады;
  • оқытушы – ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі, Қазақстан мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, жемқорлықтың, жауапкершіліксіздік пен тәртіпсіздіктің ұстамды қарсыласы.
  • оқытушы өз іс-әрекетімен студенттерге еңбек және оқу тәртібінің ережесін сақтаудың қажеттілігін, әріптестермен сыйласымды қарым-қатынас орнатуды дәлелдейді, өзіне, өзінің сөзі мен іс-әрекетіне талап қояды, өз қателіктерін ашық мойындайды және оны түзетеді.
  • оқытушы білімгерлер мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, ол жинақы, оның сөзі ісіне сәйкес келеді, қызмет барысында өзінің бағытын ашық көрсетеді және өз көзқарасын дәлелдей біледі.

Оқытушы өзінің кәсіби қызметінде міндетті:

  • адам мен азаматтың абыройы мен намысын оның шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дін қатынасына, сеніміне, тұратын жеріне не басқа да жағдайларға тәуелсіз құрметтеуге;
  • жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік және басқа тілдерді, Қазақстан ұлттарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге;
  • оқу орнымен мен өз мамандығының беделін, дәстүрлерін қадірлеуге, сақтауға және арттыруға;
  • сыпайы және әдепті болуға;
  • оқу орнының мүлкіне ұқыпты қарауға;
  • оқу орнының  аймағын көгалдандыруға көмектесуге;
  • қызметтік немесе оқу міндеттерін орындау кезінде киім киюде іскерлік стильді ұстануға, сыртқы келбеті көрнекі болуына;
  • кемшіліктерді жою және өз кәсіби қызметін жақсарту үшін конструктивтік сынды қолдануға ;
  • оқу орнының миссиясын және білім беру саясатын ұстануға;
  • оқу орнының Жарғысы мен Ішкі еңбек ережелерін сақтауға;
  • қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауға, жұмыста оң нәтижелерге жетуге;
  • кәсіби шеберлік, ғылыми және кәсіби білімдарлық, сендіру қабілеттерінің болуына және үлгі-өнеге көрсетуге;
  • оқытушы кәсіпқойлығын және оқу орнының беделін арттыратын білім беру, мәдени және спорттық сипаттағы іс-шараларға белсенді қатысуға;
  • өздігінен білім алумен айналысу, біліктілігін арттыруға;
  • жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
  • қызметтік ақпаратты пайдақорлық пен басқа да жеке мақсаттарға қолданылуына жол бермеуге;
  • іске деген өз қатынасымен және жеке мінез-құлқымен ұжымда тұрақты және моральдық-психологиялық жағдай жасауға әсер етуге;
  • кадрларды жерлестік және тамыр-таныстық белгілері бойынша іріктеу жағдайларына жол бермеуге;
  • әріптестер тарапынан қызметтік тәртіп қағидаларын бұзу жағдайларына жол бермеуге;
  • іскерлік және жалпы мәдениетті сақтау, адамгершілік-этикалық қасиеттердің жоғары деңгейін: сыпайылық, әдептілік, төзімділік, биязылық пен құрмет, адалдық, табандылық, әділеттілік, инабаттылық, коммуникабельдік, сабырлық, мейірімділік, қарым-қатынас дағдыларын көрсетуге;
  • басшылыққа оқу және қоғамдық қызмет мәселелері, сонымен қатар, егер жалпы тәртіп қағидаларына қарама-қайшы болмаса, жеке сипаттағы мәселелер жөнінде белгіленген тәртіпте жүгінуге;
  • міндеттерді және бағынушы қызметкерлер өкілеттіліктерінің көлемін олардың лауазымдарына сәйкес нақты анықтау, бағынушы қызметкерлерге орындай алмайтын бұйрық бермеу және олардың қызметтік міндеттер шеңберінен тыс тапсырмаларды атқаруларын талап етпеуге;
  • бағынушы қызметкерлерге не болмаса студенттерге қатысты негізсіз айыптарды, дөрекілікті, адами абыройын кемсітуді, жөнсіздікті болдырмауға;
  • бағынушы қызметкерлерді не болмаса студенттерді жалпы қабылданған моральдық-этикалық қағидаларға үйлеспейтін құқыққа қайшы теріс қылықтарды немесе әрекеттерді жасатуға итермелемеуге міндетті.

 


© 2015-2018 Маңғыстау облыстық медициналық колледжі.  Барлық құқығы қорғалған

Колледж сайты: momk.kz   Электрондық пошта: momk50@mail.ru

ZERO.kz