foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді, медицинадағы жаңалықтарды игере отырып, денсаулық сақтау саласының мекемелерімен тең құқықтық серіктестікте, бәсекелестік жағдайда еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

 

Маңғыстау облыстық медициналық колледжіндегі тәрбие-әдістемелік жұмыстар

  Колледждегі  тәрбие  жұмысы ҚР білім және ғылым министрінің 16.11.2009ж №521 бұйрығымен бекітіліп, ұсынылған ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасына сәйкес жасақталды. Тәрбие жұмысы  бөлім  меңгерушілері, топ жетекшілері, жатақхана  тәрбиешісі,  топ  жетекшілерінің  әдістемелік  бірлестігі жоспарларымен бірігіп  жұмыс  істейді. Топ  сағаттарымен  сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуде топ жетекшілерінің  атқаратын  рөлі зор. Студентті жаңа  ортаға  бейімдеу, топты біріктіру, әр студенттің жеке  мінез-құлқын бақылау  арқылы  жеке іс қағаздарымен  танысып, қызығушылығын, әр түрлі шараларға  қатысу деңгейін анықтау топ  жетекшілерінің іс-әрекеті  арқылы іске асады.

  Маңғыстау  облыстық медицина  колледжіндегі тәрбие жұмысының  негізгі  мақсаты: жаңа  ғасыр табалдырығында заман  талабына сай көзі ояу, жан-жақты, білімді, инабатты, салиқалы болашақ мамандар тәрбиелеу.

  Колледжде тәрбие жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша жұмыс істейді.

  • ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы (12 бағыт бойынша)
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру
  • Діни экстремизмге қарсы күрес
  • Құқықбұзушылық және құқықбұзушылықтың алдын алу
  • Нашақорлыққа қарсы күрес
  • Маңғыстау облыстық медицина колледжінде «Колледж тарихы», «Қалыпты анатомия» пәнінің мұражайы, «Өлкетану» мұражайы жұмыс істейді.

  Оқу жылында жоспарланған тәрбие шаралары:

  Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық  ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыру. Жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін  көтеру мақсатында іс-шаралар өткізілді. Оқу жылының басында  «Білім күніне орай» Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығы» тақырыбында  топтар арасында топ сағаттары өткізілді.

  02.05-08.05.12ж. аралығында Ғ.И.Түменбаеваның ұйымдастыруымен «Алаулаған отты жылдарға тағзым» тақырыбында апталық өткізілді. Апталық 2 кезең бойынша ұйымдастырылды. 1 кезең «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында ерлік сағатын өткізу. 2 кезең «Ұмытылмас ерлік» патриоттық әндер шеруі. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз туралы ерлік сағатын өткізді. Шара барысында бейнефильмдер, слаидтар  көрсетіліп, оқушылар сахналанған көрністер қойып,  кеш соңы патриоттық әндер шеруіне ұласты. 

  07.05.12ж. А.Ж.Тлепованың ұйымдастыруымен «Желбіре, Жеңіс жалауы» интеллектуальды ойыны  өткізілді. Ойын 4 кезеңнен тұрды. Оқушылар ойын барысында өздерінің тапқырлығын, ізденушілігін, ойлау қабілеттерінің шапшаңдығын, білімдерін ортаға салып. Өткізілген іс-шаралар барысында түсірілген суреттер, слаидтар арнайы альбом боп жасақталып, колледж мұражайына қойылды.

  Қазақстан Республикасының терроризмге қарсыласу іс-әрекетін ұйымдастыру Тәртібінің 5 тармағы бойынша «Діни экстремизм зардаптары», «Дін және діл» тақырыптарында түсіндіру ағарту жұмыстары  жүргізілді.

  6 тармағы бойынша «Қазақстандағы діни сенім бостандығының құқықтық реттелуі» тақырыбында ІІБ қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, қоғамдағы әртүрлі көпдінділік құбылыс белең алып олардың уақыт өткен сайын дамып отырғандығы халықаралық қатынастардың күрделенуіне, қарулы қақтығыстармен қан төгістерге әкеліп соқтыратындығы жайында айтылып, дәлелдермен түсіндірілді. «Адасқандар», «Діни экстремизм зардаптары» бейнефильмдері көрсетілді.

  11 тармақ бойынша  Түрлі діни ағымдардың жетегінде кетпеу тыңшылық, экстремистік террорлық іс-әрекет жасамау, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне зиян тигізбеу мақсатында  оқушылар арасында «Дін, Отанды сүю және ынтымақ пен бірлік», «Діни ағымдардан сақтандыру жолдары», «Отанды сүю-иманнан» тақырыптарында топ сағаттары мен дөңгелек үстел, конференция өткізілді.

  14-20 наурыз аралығында «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында наурыз мерекесіне орай ашық топ сағаттары өткізіліп, қазақтың салт-дәстүрлерінен көрністер, сахналанған қойылымдар қойылды.

  Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің  нормалары мен  дәстүрлерімен келістірілген моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру  мақсатында  22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күніне орай №3 ЦӘК-тің ұйымдастыруымен «Қасиет пен құт дарыған ана тілі»  тақырыбында тілдер апталығы болды,  топтар арасында  «Тіл тірлігімнің айғағы»  тәрбие сағаттары өткізілді. «Әсемпаз болма әр неге, өнерпаз болсаң арқалан» көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды. 

 «Тәуелсіздіктік қасиетті белгілері».  «Мақтанышым – Рәміздерім»;   «Ата Заңым – айбыным»; «Тәуелсіздік тірегім»; «Әлем таныған – Қазақстан»; «Тәуелсіздік- ел тілегі» тақырыптарында ашық тәрбие сағаты өткізіліп, «Біз Тәуелсіздікке қалай жеттік?»; «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»; «Рәміздер – Тәуелсіздік белгісі» буклеттер мен альбомдардан арнайы бұрыш жасақталып, слайдтар көрсетілді.

  Алғашқы әскери дайындық сабағында Азаматтық қорғаныс күніне орай ашық сабақтар өткізілді. Бұл шараға 220 оқушы қатыстырылды.

  Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоционалды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беру мақсатында «Жас ұрпақтың рухани сәулеткері»  ата-аналармен  дөңгелек үстел өткізілді. Ата-аналар мен оқушылардың арасында тығыз байланыс қалыптастыру, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін дамыту; ата-ана мен баланың өзара сыйласымдылығын арттыру, баланы ата-анасын қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру, оқушыларды  атадан балаға мұра болып келе жатқан салт-дәстүрге, үлгі-өнегеге, ұлттық тәрбиеге тәрбиелеу мақсатында «Келіні жақсының керегесі алтыннан» тақырыбында ток шоу О.С.Джаумытбаеваның ұйымдастырылуымен өткізілді.  Кешке ата-аналар кеңесінің  мүшелері, топ оқушыларының ата-аналары қатысты. Оқушылар өз ойларын кеш қонақтарымен бөлісті.

  Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру. Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек  беру,  өзін-өзі тану, өзін дамытудың, жекетұлғаның дербес белсенділік көрсетуі, өзінің қабілеті мен әлеуметтік  мүмкіндігін ашу мақсатында «Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту» тақырыбында топтарда баяндама оқылды. А.Н.Шәукерованың ұйымдастыруымен «Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» тақырып негізінде оқушылар сұрауы бойынша «Екі жұлдыз» мерекелік шоуы өткізілді.

  Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет, әлеуметтік  қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті  дамыту, қоғамдағы өзгерістерден  тең әсер алу, белсенді өмір сүре білу мақсатында «Әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру» тренинг өткізілді. Қазақстан ұлт бірлігі – Доктринасының негізгі принциптері мен патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында 1-мамыр  Қазақстан халықтарының бірлігі күніне  орай  24.04-30.04.12ж. аралығында «Ұлт бірлігі – татулықта», «Бірлік – біздің туымыз», «Алыптың қуаты – халықта, Халықтың қуаты – бірлікте» тақырыбында 1-3 курс оқушыларына топ сағаттарын өткізілді.

  Елбасының Қазақстан халқына жолдауының бірінші бөліміндегі «Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы»  бағытында Бітіруші топ оқушыларына емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері, жұмыспен қамту орталығының мамандары, қалалық маслихат депутатарымен 26 наурыз күні кездесу ұйымдастырылды. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы туралы, тұрғын үй мәселелері жайындағы сұрақтарына жауап алды.

  Бітіруші топ жетекшілері «Білімді маман – баршаға ортақ» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.  12-13 сәуір  күні мамандықтар арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Ең үздік маман – 2012» конкурсы өткізіліп, 12 жас маман  білімдерін ортаға салды. Конкурстың 1 кезеңі  кешенді тестілеу, 2 кезеңінде оқушылар практикалық іс-әрекет және ситуациялық есептер арқылы білімдерін көрсетіп, жеңімпаз маман Айтыгалыев Ерлан   облыстық сайысқа жолдама алды.  Өткізілген шаралар жергілікті Жаңаөзен телеарнасынан көрсетілді.

  Коммуникативті  мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, идеалдарды, нормаларды айқындайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым – қатынасты ұйымдастыру, байланысты  орнату, оларды дамыту, келісу, тәртіпке келтіру және түзету мақсатында Елбасының Қазақстан халқына жолдауының бірінші бөліміндегі «Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы»  бағытында бітіруші топ оқушыларымен Жаңаөзен қалалық жастар орталығының «Жас Отан» ЖҚ-мен  қалалық маслихат депутаты И.Кеңесовпен кездесу ұйымдастырылды Бұл шаралар «Жаңаөзен жаршысы» газетіне жарияланып, телеарнадан көрсетілді.

 «Баланың табиғи мүмкіндіктерін жетілдіру», «Топтағы  студенттердің статусын көтеру» тақырыптарында топ сағаттары өткізіліп, сауалнамалар алынды.

  Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы мен «Кең дала» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоршаған орта жағдайы, адамның тұрмыс-салты мен  денсаулығы» тақырыбында  жастардың Отанға, туған жерге  деген сүйіспеншілігін арттыру, туған  жердің  тарихын, шежіресін біліп, олармен  жете таныстыру, рухани  байлығымыздың қадір-қасиетін  насихаттау, қоршаған орта мен адам денсаулығының етене  байланысын  келешек  ұрпаққа  ұғындыру, оқушы  бойында  патриоттық сезімді  қалыптастыру мақсатында конференция өткізілді.

  Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым – қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әрекеттерін болжайды, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында   топтарда «Табиғат – алтын бесік»; «Мен және мені қоршаған орта»; «Экология – ел амандығы» тақырыптарында топ сағаттары өткізілді.

  Эстетикалық тәрбие  рухани-адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы  қалыптастыруды  көздейді. Адам бойына қазіргі кезең дамуының  маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық  қызметімен әлемдік  құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыра алатын маман дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай   «Ата салтым асыл қазынам» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге  15 үміткер өз қолөнерлерін ортаға салып, сайыс нәтижесінде жеңімпаз атанған оқушылар марапатталды.

  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында конференция өткізілді.  Облыстық колледждер арасында әдістемелік күн ұйымдастырылып, Н.Е.Құлбатырова, А.К.Бисембаева білім беру жүйесіндегі жаңа педтехнолгияларды пайдалана отырып, ашық сабақ көрсетті.

  12 мамыр «Мейірбикелер» күніне орай  дене тәрбиесі жетекшісі М Джумаевтың ұйымдастыруымен  дәстүрлі «Ал, қәне қыздар» көңілді спорт сайысы  6 оқушыдан құралған (24 оқушы) 4 команда арасында өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз топтар марапатталды.

  Дене  тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта  қалыптастыру  жастардың бойына  психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын негізге ала отырып, «АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайлары нөл. Дискриминацияға ұшырату нөл ЖИТС ауруынан өлу жағдайлары нөл» ұранында «ХХІ ғасыр жастары ғасыр тажалына қарсы»  тақырыбында ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуальды ойыны  облыстық деңгейде Г.И.Сатыбалдиеваның ұйымдастыруымен өткізілді. 

  Еңбек және экономикалық тәрбие  жас өспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдылардың, еңбек қызметінің саналуын түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершіліпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастыру,  жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік  қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты  тәсілі мен жоғары құныдылық ретінде  қалыптастыру мақсатында ҚР. «Еңбек Кодексімен» құқық пәнінің оқытушысы А.М.Тайкешова қызметкерлер мен 4 курс оқушыларына дәріс оқып, жалпы ережелер мен жалпы ұғымдармен таныстырып өтті. Мамандар бөлімінің нұсқаушысы еңбек шарты, жұмыс беруші құқықтары мен жұмысшының құқықтары жөнінде дәріс оқыды. Оқушылардың бастамасы бойынша колледж алаңына «Жасыл желек» акциясы өткізіліп, жас шыбықтар мен гүл көшеттерін отырғызды.

  Кәсіби-шығармашылық тәрбие және жеке құзыреттілік мәнін қалыптастыруды (арнайы, профильды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін қамтамасыз ету мақсатында «Ұстаз деген ұлы есім» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 

  Интеллектуальды мәдениетті дамыту жастардың қазіргі заманғы ғылыми  дүниетанымын қалыптастыру; олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту мақсатында «Жақсы заңдар мәңгі жасар жарық күн» құқықтық күндер қағамдық пәндер оқытушысы А.М.Тайкешованың ұйымдастыруымен өткізілді.

 «Жанам деген жүрекке от берейік» айдарымен оқушылар арасында  ғылыми-зерттеу  конференциясы А.Е.Құлбалаеваның ұйымдастыруымен өткізілді.  Конференцияда 10 оқушы өздерінің шығармашылық жұмыстарын баяндап, бейнетаспадан үзінділер келтірді.


© 2015-2018 Маңғыстау облыстық медициналық колледжі.  Барлық құқығы қорғалған

Колледж сайты: momk.kz   Электрондық пошта: momk50@mail.ru

ZERO.kz