foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді, медицинадағы жаңалықтарды игере отырып, денсаулық сақтау саласының мекемелерімен тең құқықтық серіктестікте, бәсекелестік жағдайда еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

 

Маңғыстау облыстық медициналық колледжінің озат тәжірибелі оқытушылары

 

Тұяқова Зина Семғалиқызы

Тұяқова Зина Семғалиқызы – ағылшын пәні оқытушысы. Біліктілік санаты – жоғары. Педагогикалық стажы – 29 жыл. 1980 жылы Пятигорск қаласындағы шет тілдер институтының ағылшын факультетін бітірген. Маңғыстау облыстық медицина колледжінде 1996 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істейді.

Тұяқова Зина Семғалиқызы жұмыс бабында өзін шебер педагог ретінде көрсете білді. Оның шығарған бағдарламасы, тест жұмыстары, лексикалары облыстағы медицина колледжілері арасында таратылып, жас мұғалімдер қолданып жүр. 2013 жылы шыққан «Маңғыстау энциклопедиясына» еңгізілген.

Қазіргі таңда жалпы еңбек өтілі – 37 жыл, ал колледждегі еңбегі – 20 жыл.

Білім саласында жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі жетістіктері үшін алған марапаттары:  2002ж.- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Алғыс хаты»; 2005ж. – облыстық білім басқармасының «Алғыс хаты»; 2012ж. – облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы».

 

Шәукерова Ағзия Нәубетқызы

Үздіксіз білім жүйесінде еңбектеніп жүрген Шәукерова Ағзия Нәубетқызы – Денсаулық сақтау ісінің үздігі 1986 жылдан бері Маңғыстау облыстық медицина колледжінде қызметін атқарып келеді.  Анатомия пәні оқытушысы, жоғары санатты мұғалім. Педагогикалық стажы – 29 жыл. 1981 жылы Ақтөбе қаласындағы медицина институтының педиатрия факультетін бітірген.

Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің жанында құрылған облыстық оқу-әдістемелік және сараптау тобының медицина саласы бойынша жетекшісінің жұмысын атқарады. 2007 жылы облыс көлемінде өткен «Үздік кабинет» сайысында анатомия кабинеті 1 орын алды.

2010 жылы облыстық «Үздік арнайы пән оқытушысы» сайысына қатысып, «Тәжірибелі ұстаз» атағын алды. 2014 жылы «Анатомия пәнінен графологиялық құрылымдар» жинағын шығарды.

2002 жылы «Денсаулық жылына» байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2006 жылы «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісіне ие болды.

2008 жылы «Жаңаөзен қаласының – 40 жылдығы» медалімен марапатталды.

 

Тайкешова Амангүл Муытқызы

Тайкешова Амангүл Муытқызы – қоғамдық пәндер мұғалімі. Біліктілік санаты – жоғары. Педагогикалық стажы – 34 жыл. Орал қаласындағы педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетін 1982 жылы бітірген. Маңғыстау облыстық медицина колледжінде 1994 жылдан бері қоғамдық пәндерден дәріс береді.

Амангүл Муытқызы қалалық, облыстық көлемінде ашық сабақтар өткізіп, оқу жүйесінің жаңа бағыттарымен жұмыс жасайды. Ол облыста тәжірибелі ұстаз ретінде танымалы. 2003 жылы «Мейірбике» колледжінде өткен мемлекеттік емтиханда төрайымның жұмысын атқарды. 2004 жылдың сәуір айында ОМБЖИ ұйымдастыруымен өткен облыстық сабақ жоспарларының сырттай байқауына қатысып, ынталандыру сыйлығын алды. 2014 жылы «Философия негіздері» пәніне арналған әдістемелік құрал шығарды.

2004 жылы «Үздік маман - 2004» атағына ие болды.

2007 жылы облыстық деңгейде өткен «Үздік оқытушы» байқауында «Зерттеуші» атағын алды.

2008 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасын» алды.

 

Насиғоллақызы Салиха

Насиғоллақызы Салиха – физиология пәні оқытушысы. Біліктілік санаты – бірінші. Педагогикалық стажы – 11 жыл. М.Оспанов атындағы мемлекеттік медицина академиясының педиатрия факультетін  2002 жылы бітірген. Маңғыстау облыстық медицина колледжінде  2004 жылдан бері физиология, паталогиялық физиология пәндерінен дәріс береді.

2013 жылы физиология  пәнінен дәрістер жинағын шығарды. 2015 жылы Ақтау қаласында өткен «Ғылым және өмір» және Чолпан-Ата қаласында «Тиімді тамақтану-денсаулық кепілі» атты халықаралық конференцияларда  1 орын алды.

2014 жылы облыс көлемінде өткен «Үздік педагог - 2014» байқауында «Жаңашыл ұстаз» атағын алды.

Сол жетістіктері үшін Насиғоллақызы Салиха  келесі марапаттарға ие болды:

2014ж.- облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамотасы»;

2014ж. – облыс әкімінің «Алғысы»;

2015ж. – Кіші ғылым академиясының «Алғыс хаты»;

2015ж. – «Лидер образования» медалі;

2015ж.- «Қазақстанның Білім және ғылым әлемі» баспасының «Құрмет грамотасы»;

2015ж. Халықаралық конференциясының 1 дәрежелі дипломы;

2015ж. «Халықаралық ұстаздар қауымдастығы» медалі.

 

Берсиева Мейрим Ерболысқызы

Берсиева Мейрим Ерболысқызы – физика, математика пәндер мұғалімі. Біліктілік санаты – бірінші. Педагогикалық стажы – 10 жыл. К.Жубанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің физика, математика факультетін  2002 жылы бітірген. Маңғыстау облыстық медицина колледжінде  2010 жылдан бері физика, математика пәндерінен дәріс береді.

2012 жылы физика пәнінен авторлық бағдарлама жазды. 2013 жылы осы бағдарламамен бірінші облыстық педагогикалық оқуларға қатысып 3 орын алды. Сол жетістікпен республикалық оқуларға қатысып, сертификат алып келді. Ұстаз физика пәнінен 3 электронды оқулық , «Физика пәнінен тірек сызбалар» атты оқу-әдістемелік құрал шығарды.

2015 жылы облыс көлемінде өткен «Үздік педагог - 2015» байқауында 3 орынға ие болды.

Сол жетістіктері үшін Мейрим Ерболысқызы келесі марапаттарға ие болды:

2012ж.- қала әкімінің «Алғыс хаты»; 2015ж.- облыстық білім басқармасының «Алғыс хаты».

 


© 2015-2018 Маңғыстау облыстық медициналық колледжі.  Барлық құқығы қорғалған

Колледж сайты: momk.kz   Электрондық пошта: momk50@mail.ru

ZERO.kz