foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді, медицинадағы жаңалықтарды игере отырып, денсаулық сақтау саласының мекемелерімен тең құқықтық серіктестікте, бәсекелестік жағдайда еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

Валюта бағамы

Курсы валют: курс доллара, курс евро

VK Group

Строительная доска объявлений на сайте fortstroi.com.ua
Как заработать на недвижимости, подробнее на сайте comintour.net
Придомовая территория, норматив здесь http://stroidom-shop.ru/pravila/pridomovaya-territoriya.html
Наурыз-көрісу мерекесіне дейін қалған уақыт:
2
2
1
1
Күн
2
2
1
1
Сағат
2
2
4
4
Минут
1
1
7
7
Секунд
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

 

«Маңғыстау облыстық медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

 «Маңғыстау облыстық медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1985ж. наурыз айының 11 жұлдызында ҚССР Денсаулық сақтау министрлігінің 11.03.1985ж. № 149 бұйрығымен, 07.02.1985ж. ҚССР жоғары және орта арнаулы білім беру министрлігі коллегиясының қаулысымен ұйымдастырылып, «Новый Узень қаласының медициналық училищесі» болып атанды. 30 жыл бойы колледж атауын бірнеше рет өзгертті:

  • 03.10.1990ж. облыстың атауы өзгеруіне байланысты Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау бөлімінің №05 бұйрығының негізінде оқу орны «Маңғыстау облыстық медициналық училище» деп өзгертілді;
  • 1996ж. маусым айының 14 жұлдызында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №282 бұрығының негізінде оқу орны «Маңғыстау облыстық медицина колледжі» деп өзгертілді.
  • Кәсіпорын Маңғыстау облысы әкімінің 24.02.1999ж. №4 шешімінің негізінде құрылған;
  • 2002ж. қаңтар айының 18 жұлдызында «Маңғыстау облыстық медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны деп өзгертілді.

 Колледж Жаңаөзен қаласы Әкімиятының 2001ж. 11 желтоқсандағы №27 қаулысымен бекітіліп, Маңғыстау облыстық Юстиция Департаментінің 18.01.2002 жылғы №2746-1943- МК нөмерімен тіркелген Жарғысы негізінде қызмет етеді.

 Колледж жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, 19.06.1999 жылдың Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік мекемелер туралы» Жарлықтарын, ҚР «Білім туралы» Заңын, ҚР басқа құқықтық нормативтік актілерін басшылыққа алады.

 Колледждің мекен-жайы: 130207  Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы, Шұғылы шағын ауданы, 21 «Б» үйі.

 Кәсіпорынның өкілетті органы  01.01.2005ж. дейін Жанаөзен қаласы әкімияты.

 01.01.2005ж. бастап Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

 Маңғыстау облысы әкімдігінің 06.12.2011ж. №350 қаулысына сәйкес, 19.11.2012 жылдан бастап, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.

 Колледж Маңғыстау облысының аумағында білім беру қызметін облыстық бақылау Департаментінің 26.03.2013ж. №80 бұйрығына сәйкес №0032376 лицензия негізінде күндізгі оқу түрінде келесі мамандықтар бойынша жұмыс жасайды:

  1. 0301000 «Емдеу жұмысы»
  2. 0309000 «Акушерлік жұмыс»
  3. 0307000 «Ортопедиялық стоматология»
  4. 0302000 «Медбике ісі»
  5. 0305000 «Лабораториялық диагностика»

 Орта буынды медицина мамандарын дайындау жөнінде сұраныс беруші Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.  Ақылы негізінде кадр дайындау жөнінде заңды жеке тұлғалармен келісім шартқа тұрады.

 Маңғыстау облыстық медицина колледжі тарихында белгілі бір орын алар жаңалықтар көп болды. Осы отыз жылда  колледж 28 рет 2500 түлек ұшырып,  облысымыздың емдеу орындарына  орта буынды медицина қызметкерлерін даярлап берді. Колледжді бітірген түлектердің 80% жұмысқа орналасып, тек облыс көлемінде емес, кең-байтақ еліміздің түкпір-түкпірлерінде  халықымыздың денсаулығын сақтау және жақсарту саласында адал қызмет етіп жүр. Оқуларын жалғастырып жоғары білім алған оқушылар қазіргі таңда біздің қаламыздағы белгілі дәрігерлер: Жапарова Р.Ө, Жетібаев Б, Мекебаев М. Шалқарбаев Ж., Тулеуова Н. Бетлиев А.т/б .

 Сондай-ақ, Айдарбаева Жеміс, Ермағанбетова Венера Алматы, Ақтөбе медициналық академиясында оқытушы болып жұмыс жасап жатыр.

 Бүгінгі таңда колледж   жаңа  педтехнологиямен толықтырылып,  оқушылар  қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. Оқу кабинеттері,  компьютер кабинеттері мен интерактивті тақта, яғни техникалық құралдармен жабдықтандырылған. Келген жас мамандарды оқытудың жаңа тиімді әдістерін пайдалануға үйрету мақсатында «Озық тәжірибе  апталығы», «Жас мұғалім апталығы», «Үздік  маман сайысы» «Үздік колледж мұғалімі» «Үздік топ жетекшісі», «Ғылыми-практикалық конференция», соғыс, ауған, еңбек ардагерлерімен кездесулер өтеді. Бұл жұмыстар, оқу-тәрбие үрдісінде оқытушылардың біліктілігін көтеруге көп мүмкіндік береді.

 Колледж оқытушылары «Білім және ғылым министрлігі» бекіткен арнайы орта буынды мамандарды даярлауда колледждерге арналған оқу бағдарламаларымен оқытушылардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруге, мамандарды даярлауға, озық тәжірибесін  зерттеп, насихаттауға, білімін жетілдіруге  мүмкіншілік береді. Колледжге келген  оқушыларға әдістемелік жағынан  дұрыс бағыт  беріп, өздерінің озат тәжірбиелерін оларға  ерінбей үйрететін, практиканы нәтижелі өткізетін жоғары білімді дәрігерлер мен мұғалімдер еңбек етуде:

  1. Оқытушылардың жалпы саны – 25
  2. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» – 3
  3. «Тәуелсіздікке 20-жылдық» белгісінің иегері – 1
  4. «Үздік маман» – 4
  5. Жоғары санатты мұғалімдер – 5
  6. Бірінші санатты мүғалімдер – 18

 Оқу жылдар аралығында колледж оқытушылары өз біліктілігін көтеру үшін Астана, Алматы, Ақтөбе, Орал, Ақтау қалаларында курстарына қатысып келді. Курстан өтіп келген оқытушылар жаңа технологияларды еңгізу бойынша семинарлар өткізіп отырады. Оқу жылының аяғында оқытушылардың жұмысындағы қиыншылықтарды анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Оған талдау, анализ жасалып, қиыншылықтарды ескере отырып, келесі жылға әр-түрлі іс-шаралар жұмыс жоспарына еңгізіледі.

 Колледжімізде тәжірибелік сабақ өткізуге қажетті клиникаға дейінгі кабинеттер оқушылардың дағдыларды толық меңгерулеріне сай жабдықталған:

  1. Барлық кабинет саны – 32
  2. Арнайы пәндер кабинеттер саны – 20
  3. Жалпы білім беретін кабинет саны – 12

 Оқу бөлімдері пән бойынша сабақ өткізуге қажетті оқу-әдістемелік кешендер, түсіндіру барысында және оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауларына арналған құрал-жабдықтармен, муляждар, фантомдармен жабдықталған. Сонымен қатар колледжде симуляциялық кабинет жұмыс жасайды. Клиникаға дейінгі кабинеттерде оқушылар тәжірибелік іс-әрекеттерді өзбеттік жұмыстар арқылы орындаса, аурухана және емханалық тәжірибе сабақтарында науқастармен жұмыстар жүргізу арқылы өткізеді. Емдеу-профилактикалық мекемелерде оқушыларымызға жоғары білікті дәрігерлер тәжірибелік сабақтар өткізеді. Оқу-тәжірибелік сабақтардан кейін оқушылар емдеу мекемелерінде оқу-өндірістік, ал бітіруші топтар диплом алды тәжірибелерден өтеді. Тәжірибе соңында оқушыларға күнделікті істеген дағдылары бойынша күнделік толтырылып, баға қойылып, жеке мінездеме жазылады және тәжірибе соңында алдын-ала тағайындалған комиссия құрамына аттестация тапсырып қорытынды баға қойылады. Ал диплом алды тәжірибеден өткен оқушылар ауру тарихын және курстық жұмыстарын қорғайды.

 Осындай жұмыстардың нәтижесінде колледж 2002, 2007, 2012 оқу жылында болған мемлекеттік аттестаттаудан жоғары көрсеткіштермен өтті.

 Бүгінгі таңда мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Соған жету үшін колледж ұжымы белсенді жұмыстануда.


© 2015-2018 Маңғыстау облыстық медициналық колледжі.  Барлық құқығы қорғалған

Колледж сайты: momk.kz   Электрондық пошта: momk50@mail.ru

ZERO.kz