foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық Көп ұйықтап қалмайық

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді, медицинадағы жаңалықтарды игере отырып, денсаулық сақтау саласының мекемелерімен тең құқықтық серіктестікте, бәсекелестік жағдайда еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

 

Колледж ашылғалы жұмыс атқарған басшылар:

 

1985-1989 жылдары Өскенбаев Құлжабек Өскенбайұлы

1989-1993  жылдары Құдайбергенова Сәуле Дәулетиярқызы

1993-1994 жылдары  Қайсағалиев Ғарипулла Қайсағалиұлы

1995-2001 жылдары Әлқуатов Тимур Оразғалиұлы

2001 жылдан – Тұрарбекұлы Төлебек.

 

Өскенбаев  Құлжабек Өскенбайұлы 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

  • 1972 жылы Қарағанды мемлкеттік медицина институтын бітірген.
  • 1977-1979 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бекетінің бас дәрігері.
  • 1979-1985 жылдар аралығында Қарағия аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бекетінің бас дәрігері.
  • 1985-1989 жылдар аралығында медицина училищесінің директоры.
  • 1989 жылдан бастап Шымкент қаласында дәрігерлік қызметін жалғастыруда,

Құдайбергенова Сауле Даулетиярқызы 1950 жылы 29 маусымда дүниеге келген.

  • 1975 жылы Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік медицина институтын бітірген.
  • 1975-1989 жылдар аралығында Ақтөбе және Торғай облыстарында денсаулық сақтау саласында жұмыс жасаған.
  • 1989-1994 жылдар аралығында медицина училищесінің директоры.
  • 1994 жылдан бастап Ақтөбе медициналық колледжінде оқытушы болып жұмыс жасайды.

Қайсағалиев Ғарипулла Қайсағалиұлы 1938 жылы 5 мамырда дүниеге келген.

  • 1965 жылы Гурьев медицина училищесін бітіріп, сол оқу орнында оқытушылыққа қалдырылды.
  • 1973 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын бітіріп, медициналық училищесінде еңбек жолын жалғастырды.
  • 1985 жылы Жаңаөзен қаласындағы медициналық училищесінде жолдамамен жұмысқа ауыстырылды.
  • 1991-1992 жылдары училище директорының міндетін атқарды.
  • 1992 жылдан өмірінің соңына дейін колледжде жұмыс жасады.

Әлқуатов Темір Оразғалиұлы 1948 жылы 5 мамырда дүниеге келген.

  • 1970 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының «Стоматология» факультетін бітіріп, еңбек жолын Жаңаөзен қаласында хирург-стоматолог болып бастаған.
  • 1974 жылы – «Стоматология» емханасының бас дәрігері.
  • 1981 жылы – қалалық емхананың бас дәрігері
  • 1988 жылы – медицина училищесінің оқу-тәрбие орынбасары
  • 1994-2001 жылдар аралығында медицина колледжінің директоры
  • 2002 жылдан бастап қалалық жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері.

Төлебек Тұрарбекұлы 1950 жылы дүниеге келген

  • 1973 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірді.
  • 1973-1975 жылдары өз мамандығы бойыша әскери борышын өтеген.
  • 1975-1986 жылдар аралығында Жаңаөзен қалалық орталық дәріхана меңгерушісінің орынбасары
  • 1986-1996 жылдар аралығында Жаңаөзен қалалық орталық дәріхана меңгерушісі.
  • 1996-2001 жылдар аралығында жеке кәсіпкер.
  • 2001 жылдан бастап Маңғыстау облыстық медицна колледжінің директоры.


© 2015-2018 Маңғыстау облыстық медициналық колледжі.  Барлық құқығы қорғалған

Колледж сайты: momk.kz   Электрондық пошта: momk50@mail.ru

ZERO.kz